19.04.2021, 16:40

«Жағдайы өте қиын»: оппозиционер Навальныйды түрмеден ауруханаға ауыстыратын болды

Фото: ашық дереккөзі
Алексей Навальныйдың жақтастары оның жағдайы өте қиын деп санайды.

Сотты болған оппозиционер Алексей Навальный колониядан сотталушыларға арналған облыстық ауруханаға ауыстырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады, оны күн сайын терепевт-дәрігер тексереді. Науқастың келісімімен оған витаминдік терапия тағайындалды, - деді Ресейдің Федералды қылмыстық-атқару қызметі.

Аурухана Владимир облысындағы ИК-3 аумағында орналасқан. Алексей Навальныйдың жақтастары оның жағдайы өте қиын деп санайды.

31 наурызда Навальный медициналық көмекке зәру болғандықтан аштық жариялады. Бұған дейін саясаткер белі мен аяғының қақсайтындығына шағымданған. Сондай-ақ, оны "қашуға бейім" мәртебесіне байланысты сағат сайын түнде оятып тексерген көрінеді. Осыдан кейін Навальный ауырып қалған: оның дене қызуы 38,1-ге дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Оппозиционердің айтуынша, қазірдің өзінде оның камерасындағы үш сотталушыдан туберкулез анықталып, олар ауруханаға түскен.