$ 494.87  520.65  4.91

Жаңбыр, найзағай, жел: еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды

Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

21 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады. Осы ретте Қазгидромет дабылды ескерту жариялады.

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында кей жерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді. "Шымкент қаласында 21 сәуірде түнде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады", – делінген хабарламада.

Түркістан қаласында 21 сәуірде түнде және таңертең найзағай болады. Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында 21 сәуірде солтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с.

Павлодар қаласында күндіз 21 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с болады.

Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.

Ақтөбе облысында кей жерде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Атырау облысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Ақтау қаласында 21 сәуірде күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 

Алматы, Түркістан, Жамбыл облысында қатты жауын-шашын болуына байланысты 2021 жылдың 21-22 сәуір аралығында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары