$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің қабырғасы опырылды (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, үйдің қабырғасы опырылып, одан шыққан құм-топырақ сыртта тұрған көліктерге түскен.

Өскеменде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің қабырғасы опырылды деп хабарлайды nur.kz yk.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бүгін таңертең тұрғындар Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №14 көпқабатты үйдің сиқын көріп, шошып кеткен.

Белгілі болғандай, үйдің қабырғасы опырылып, одан шыққан құм-топырақ сыртта тұрған көліктерге түскен. Кейін оқиға орнына қалалық әкімдіктің өкілдері келген. Олар құрылысқа жауапты Қазақстан ипотекалық компаниясы үйдің қасбетін қайта қалпына келтіру үшін альпинистерді жұмысқа тартқанын мәлімдеген.

Сонымен бірге бұл үйді ҚИК тапсырысымен салған құрылыс фирмасы банкротқа ұшырағаны белгілі болған. Ал үйдің құрылысына қалалық әкімдіктің қатысы жоқ екен. Тұрғындардың бірінің айтуынша, былтыр ата-анасы мемлекеттік бағдарламамен несиеге осы үйден пәтер алған. Алайда қыс бойы пәтердегі температура 18 градустан аспай, олар бірер айға көшіп кеткен.

 "Қыста үйдің басқа бетіндегі қабырғасы жарылған, енді міне тағы бір қабырғасы опырылып жатыр. Ата-анам тіпті елордаға дейін барып, шағымданды. Оларға мән-жайды анықтап, құрылысқа жауапты компанияны тауып, ақауды түзетуге уәде берген еді. Бірақ көріп отырғанымыздай адамдардың қауіпсіздігі ешкімді алаңдатып отырған жоқ. Тұрғындар бекерден-бекер сапасыз құрылыстың ақшасын төлеп отыр", - дейді тұрғын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары