$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент тұрғыны 6 тал қызғалдақ жұлғаны үшін 9 миллион теңге төлеуі мүмкін

Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал ол жұлып алған гүлдер сараптамаға берлген.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал ол жұлып алған гүлдер сараптамаға берлген.

"Сайрам-Өгем" мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары", - деді ведомство өкілдері.

Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

"Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлкті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін", - деді полиция қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары