$ 498.34  519.72  4.85

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Айқын.кз. Солтүстікте антициклонның әсерінен күн ашық болады. Өзге өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.

Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстанда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысында жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары