$ 449.58  486.94  4.86

Тірі баланы тоңазытқышта өлтірген: адвокат сотқа қарсылық білдірді

Бүгін Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені мұздатқышқа салып өлтіру ісіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Адвокат жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша апелляциялық сотқа қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені мұздатқышқа салып өлтіру ісіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті.

Перинаталдық орталықтың экс-директоры Қуаныш Нысанбаев пен бас акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның адвокаты апелляциялық соттың барлық құрамына қарсылық білдірді:

"Апелляциялық соттың барлық құрамына қарсылық білдірдік. Сонымен қатар, бұл істі қараған судья апелляциялық сот құрамына кірді. Сондықтан бұған келіспейтінімізді білдіріп, соттың барлық құрамын алып тастауды сұрадық. Сонымен қатар, бұл істі Атырау облыстық сотынан кез келген басқа сотқа беруді сұрадық. Объектив сақтау үшін".

Сондай-ақ, адвокат оның апелляцияны қарауды басқа сотқа беру туралы өтінішін Жоғарғы Сот емес, Атырау облыстық соты қарағанын айтады. Жолболовтың айтуынша, өкілеттіктер заңсыз берілген. Ол бұл мәселені жоғары тұрған тұлға қарау керектігі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілгеніне сілтеме жасайды. Сонымен қатар, адвокат сотталушыларды шақырып, қорғаушыларын назардан тыс қалдырған сот процесіне де наразылығын білдірген.

"Қазақстандық сот төрелігі тарихындағы ерекше оқиға. Мұндай жағдай бұрын болды ма, жоқ па? Сотталушылар іске қатысқысы келмеді. Сондықтан Жоғарғы Сотқа және барлық инстанцияларға жазып, рұқсат алдық. Бірақ кейін не болды? Сотталушыларды сот отырысына шақырып, ал адвокаттарды онлайн режимінде қосты. Бұл қалай? Олар өздері сенбейтін сотпен бетпе-бет тұруы керек. Біз қалай телефонның арғы жағынан оларды қорғауымыз керек?", - деді адвокат Нұрлан Жолболов.

Еске салайық, сәбидің өлімі туралы іс бойынша перзентхананың бас дәрігері және қылмысқа қатысы бар басқа да қызметкерлер кінәлі деп танылып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, акушер Жамилә Күлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Атыраулық дәрігерлер сот үкімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық сотқа өтініш жіберетінін айтқан. 

Қызметкерлер баланы өлі туылды деп тіркеп, оның тірі екені белгілі болғанда құжаттарды қайта ресімдемей, баланы мәйітхана тоңазытқышына жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары