$ 494.87  520.65  4.91

«Кенесарының басы келсе Қазақстан гүлдейді деген ертегі» - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Кенесары атамыздың басын қайтару әр қазақтың арманы ғой...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Кенесарының басы табылды деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

"Негізі тарихи деректерге өте мұқият болу керек. Қателесу түк те емес. Бірақ, оны іздеу керек. Кенесарының басын іздеуге егемендік алғаннан кейін көптеген азаматтарымыз атсалысты ғой. Кенесары атамыздың басын қайтару әр қазақтың арманы ғой. Мен де болдым іздеушілердің ішінде. Табылу керек. Бірақ, асығыстық қажеті жоқ. Бізде тарихта ондай жиі кездеседі. Өздеріңіз білесіздер Әмір Темірдің қабірін ашқан кезде соғыс басталып кетті, қабірін қалай жапты соғыс аяқталды деген. Негізі, әрине халыққа үміт керек. Бірақ, менің көзқарасым халық өзі ұмтылу керек. Қазір бәріміз ешқандай жұмыс істемей, Кенесарының басы келсе бүкіл Қазақстан гүлдейді деген әрине ертегі", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кенесары Қасымұлының бас сүйегі табылды, оны елге жеткізу ғана қалды деген ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары