Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды деп жазды azattyq-ruhy.kz.
Басқармадағылардың айтуынша, КВИ пневмониясына шалдыққан мәслихат депутаты соңғы 4 күн бойы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан және 23 сәуірге қараған түні қайтыс болған.
Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда туған. 1993-1994 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарды. 2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан республикалық жер комиссиясының құрамына кірді. 1999 жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты.