23.04.2021, 21:30

Мұхамедиұлы өткізген тойдағы түрлі-түсті бешбармақ көпшілікті қызықтырып қойды

Мұхамедиұлының отбасындағы қуанышты атап өтуге 100-ге жуық адам келген.

Қазнетте бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қызына сырға салу рәсімінен түсірілген кадрлар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Chinovnik_kz Telegram-арнасы мереке 11 сәуірде елордадағы "Дипломат" қонақ үйінде өткенін жазды. Мұхамедиұлының отбасындағы қуанышты атап өтуге 100-ге жуық адам келген.

"Қонақ үй қызметкерлеріне фото/видео түсіруге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Дегенмен тойда түсірілген суреттер желіде пайда болды. Тек фотода қонақтар емес, әртүрлі тағамдар көрінеді. Олардың арасында түрлі-түсті бешбармақ, пісірілген қойдың еті мен жеміс себеттері бар.

Әлеуметтік желі қолданушылар әсіресе тойдағы түрлі-түсті бешбармаққа қызықты.

Айта кетейік, жоғарыда аталған "Дипломат" қонақ үйінің 71%-ы Арыстанбек Мұхамедиұлының енесіне тиесілі.

Бұл туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы "Qasqa Jol / Қасқа жол" YouTube-каналында Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ, экс-министр жақында үлкен қызын ұзататынын мәлімдеді.