Жаңалықтар 24.04.2021 сағат 01:01

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

24 сәуірде Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе облысында жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні - 25 м/с.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар