$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда көшелердің бірінен ер адамның мәйіті табылды

Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Қарағанды көшелерінің бірінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 сәуір күні сағат 11.50 шамасында Мұқанов көшесіндегі «Айза» дүкенінің жанынан 60 жастағы қала тұрғынының денесі табылғаны туралы ақпарат «Вечерняя Караганда» телеграм-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған.   

Аталған фактіні облыстық Полиция департаментінің өкілдері растап, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

«Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мейітханаға жөнелтілді. Факт полицияда тіркелген. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ​​облыстық ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары