24.04.2021, 20:10

Түркістанда тапа-тал түсте атыс болды

Фото: видеодан скриншот
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Желіде Түркістанда болған атыстың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеоны түсіріп тұрған ер адам атыс болып жатқанын айтады. Кадрлардан үш ер адамның жолды кесіп жүгіріп өткені, кейін соңғы екеуі біріншісін ұстап алып, күштеп көлікке кіргізіп жатқанын көруге болады. 

Облыстық полиция өкілдері бүгін, 24 сәуірде Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлады.

"Аталған деректі полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді полиция өкілдері.