Алматыда “Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны 17-қабаттан секіріп кетті деп жазады Azattyq Ruhy.
Ол бірнеше сағат бойы пәтеріне тығылып, полицейлермен атыс жүргізген.
Күдікті бүгін түс кезінде сол үйдің күзетшісін аяғынан атып тастаған болатын. Бұдан соң үйіне тығылған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті аңшы мылтығымен қаруланған. Атыс кезінде бір полицей жараланды деген ақпарат тарады.
Күдікті тұрғындардың ортақ чатында көршілеріне тіл тигізіп, өзін үнемі агрессивиті ұстағаны да айтылды.