$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында әкім пара алды деген күдікке ілінді

3 миллион теңге шамасында пара алды деп күдіктелуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews

Бұл туралы «Чиновник» телеграм каналы жазды.

«Түркістан облысы Бәйдібек би ауданы әкімінің орынбасары Темір А. ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Игита» ЖШС өкілдерінен 3 миллион теңге шамасында пара алды деп күдіктелуде. Пара Бәйдібек би ауданында 22 млн. теңгеге кеңсе салу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша берілген» деп жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары