Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адам Ресей азаматы болып шықты деп хабарлайды, Stan.kz.
Ер азаматтың жасы 58-де. Оған оқ-дәрілері бар қарудың тиесілігі анықталады.
Полиция мәліметінше, тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында зардап шеккендер жоқ. Оның бұл әрекетіне себеп болған жайт аталды.
"Бұған дейін оның әйелі балаларын ертіп кетіп қалған. Ер азаматтың мұндай әрекетке баруының себебі осы болуы мүмкін", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Бұған қоса, ол күзетші мен марқұмның арасында тұрмыстық жанжал туындағанын айтып кетті.
Айта кетейік, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш арнайы жасақ жауынгері жарақат алғанын мәлімдеген болатын. Алайда ПД хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.
"Арнайы жасақ жауынгері, қарапайым тұрғындар мен полицейлер арасында зардап шеккендер жоқ. Тек күзетші ғана жапа шекті", - деп қосты баспасөз хатшысы.
Еске салсақ, 24 сәуірде Алматыда ер азаматтың мылтықпен оқ атқаны жайлы айтылған болатын. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ жауынгерлері шақыртылған. Бірақ ер азамат оларға оқ атып, артынша 17 қабаттан секіріп кетті.