Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды kznews.
Бұл туралы «Чиновник» телеграм каналы жазды.
«Түркістан облысы Бәйдібек би ауданы әкімінің орынбасары Темір А. ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Игита» ЖШС өкілдерінен 3 миллион теңге шамасында пара алды деп күдіктелуде. Пара Бәйдібек би ауданында 22 млн. теңгеге кеңсе салу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша берілген» деп жазылған.