$ 447.4  477.55  4.76

Көкшетауда қонағын ұрып өлтірген дәмхана иесіне сот үкімі шықты

Дәмхана иесі келушіні қоймаға апарып соққыға жыққан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда ер адамды соққыға жыққан кафе иесіне қатысты сот үкімі шықты. Ол сегіз жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға "Арена" дәмханасында орын алған. Келуші мен дәмхана қызметкерлері арасында жанжал шыққан. Кейін дәмхана иесі келушіні қоймаға апарып соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші азамат алған дене жарақаттарынан көз жұмады.

2021 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен ер адам қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Зардап шегуші марқұмның пайдасына сотталған адамнан моральдық шығынның өтемі ретінде бес миллион теңге, материалдық залал – бір жарым миллион теңге өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары