Қазақстанның жеңіл атлетика командасы Түркиядағы халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Бірінші орыннан Римма Кашафутдинова (100 метр) мен Аделина Ахметова (400 метр) көрінді.
Диана Нүсіпбекова (балға лақтыру) мен Виталий Земс (200 метр) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Вячеслав Земс (400 метр) пен Владислав Григорьев (100 метр) төртінші орын алды.