26.04.2021, 14:40

Қарағандыда су құбыры жарылып, көшені су басты

фото: inbusiness.kz
Компания мәліметінше, алдағы уақытта апат болған жерде қалдық суды сорып алатын арнайы құрал іске қосылады.

Қарағандыда ыстық су құбыры жарылып, орталық көшені су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  «26 сәуірде М5 магистраль желісіндегі құбырда ақау болды. Жұмысшылар диаметрі 1 мың мм болатын жылу желісінде судың ағып жатқанын анықтады. Бүгінде ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жазылды «Қарағанды Теплотранзит» ЖШС таратқан хабарламада.

 Компания мәліметінше, алдағы уақытта апат болған жерде қалдық суды сорып алатын арнайы құрал іске қосылады.  «Оңтүстік-Шығыс тұтынушылары М3 магистраль желісіне қосылды. М5 құбырына 4 нысан қайта қосылады: Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығы, Мұз сарайы, Теннис орталығы және мұз айдыны. Ақау тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету сапасына әсер етпейді», - деп жазылған хабарламада.