$ 494.87  520.65  4.91

Қасында 55 жастағы еркек болған: Қаражалда жоғалған қыз қараусыз қалған үйден табылды

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қаражалда кәмелетке толмаған қыз жоғалып кетті. Ол қараусыз қалған үйден табылды, қасында бөтен ер адам болған, деп хабарлайды zakon.kz.

26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қаласының полиция бөліміне бір әйелден кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы шағым түсті, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

Қараусыз қалған үйлерді шарлау кезінде 55 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды, оның жанында жас қыз болған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осындай факт Сәтбаев қаласында болған еді. Бес жасар сәбиді көршісі ұрлап әкеткен. Барлық қала тұрғындары оны іздеді. Бала ер адамның пәтерінен табылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары