$ 494.87  520.65  4.91

«Казахи, мы вас...!»: Қазақ ұлтына балағат сөздер айтқан адам тағы да кешірім сұрап құтылды (ВИДЕО)

«Менің қазақ достарым бар, бір-бірімізді құрметтейміз, арамызда түсініспеушілік жоқ», – деген ол.

Әлеуметтік желілерде қазақ ұлты тарапына балағат сөздер айтып, видео жазған өзге ұлт өкілі ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, барша қазақ жұртынан кешірім сұрады, деп жазады turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде Жезқазған қаласының түрғыны ұлтаралық алауыздық тудыратын видео жазғаны туралы мәлімет тараған болатын. Facebook қолданушысының бірі аталмыш видеоны өз парақшасында орналастырған. Пост астына пікір қалдырғандар оны жауапкершілікке тартуды сұраған. Полиция қызметкерлері осы дерек бойынша мәлімет берді.

«26 сәуір күні полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында, ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабында көрсетілген «ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар белгісіз азаматтың бейнеүндеуін анықтады», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаның авторы Жезқазған қаласының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстағанын хабарлады. Ол барша қазақ жұртынан жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, видео жазды, бұл әрекетке ойланбастан барғанын айтып, шын жүректен кешірім сұрайтынын жеткізді.

«Менің қазақ достарым бар, бір-бірімізді құрметтейміз, арамызда түсініспеушілік жоқ», – деген ол: «Кешірім сұраймын!» деп сөзін қазақ тілінде аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары