$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады

Жел екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

28 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжанды. Өңірлерде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады деп күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Кей жерлерде батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

28 сәуірде күндіз Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жел екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары