$ 494.87  520.65  4.91

«Снайпердің оғынан құлаған»: Алматыда атыс шығарған азаматтың ағасы пікір білдірді (ВИДЕО)

"Мен оқиғанын шындығын ашамын. Кем дегенде, менің бұған құқығым бар", - дейді ағасы.

«Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенінде атыс шығарған адамның ағасы ол өзіне қол жұмсамады деп есептейді. Оның пайымынша сенбі күнгі оқиғаның бас кейіпкері терезеден оған снайпер оқ атқан кезде құлаған.

Мергеннің ағасы Саид Исаев марқұмды жерлеуге және жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Челябинскіден Алматыға ұшып келді.

«Бұқар Жырау» ТК консьержі үйде басқа ағаш есік болғанын және Руслан атысқа дейін бірнеше күн бұрын онда арнайы дөңгелек тесік жасағанын айтты. Кейіннен дәл сол жерден 30 оқ атылды.

Ол бұл пәтерде 10 жыл тұрған. Бес жыл бұрын әйелі балаларын алып одан кетіп қалды, Бірақ бұл атыстың себебі болуы мүмкін емес, – дейді Валентина Лоборева.

Исаевтың үлкен ағасы марқұмның ақшадан қысылмағанын айтты. Жиһаздан бөлек, ол пәтерді жалға берген.

Ағасы Русланның Шешенстандағы соғысқа қатысқанын және террористік топтармен байланысты екенін жоққа шығарды.

2017 жылы Руслан Исаев зейнетақысын алу мақсатында өзінің қарт әкесін ұрлап әкеткен. Олар бір жылдан кейін Избербаш қаласынан табылды. Іс ұсақ бұзақылық түрінде қаралды.

"Бейнежазбадан оның қалай құлағанын көру керек. Бұл снайпердің оғынан болуы мүмкін. Мен оқиғанын шындығын ашамын. Кем дегенде, менің бұған құқығым бар. Неге және қалай болғанын білуім керек", – дейді Саид Исаев.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары