$ 494.87  520.65  4.91

«Мәртебе сізге тиесілі»: Тоқаев Назарбаевқа Ассамблеяның құрметті төрағасы болуды ұсынды

Назарбаев ұсынысты қабыл алды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді.

"Қазақстан халқы мен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев ҚХА сессиясы барысында.

Назарбаев ұсынысты қабыл алды.

"Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, мен Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдайды, бәріміз бірге алға жылжимыз", - деді ол.

Бүгін Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары