$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен Медеу аудандық сотының судьясы тұтқындалды

Судья сот шешімдерін мүдделі тұлғаның пайдасына шешуде көмек көрсетумен байланысты алаяқтық істерге қатысы бар деген күдікке ілінді

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясын тексеру барысында ірі көлемдегі сомада ақша тәркіленді.

BAQ.KZ сайтының жазуынша, бірлескен тексеруді Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жүргізген.

ҰҚК департаменті ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бас прокурор сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуіне келісім берді.

Судья сот шешімдерін мүдделі тұлғаның пайдасына шешуде көмек көрсетумен байланысты алаяқтық істерге қатысы бар деген күдікке ілінді, - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында.
Басқа мәлімет тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты хабарланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары