29.04.2021, 02:24

Бірнеше облыста ескерту жарияланды

Фото: matritca.kz
Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.

29 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет мекемесі.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жетеді.

Ақмола облысында күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен батыстан және солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз бұрқасын жел соғады.

29-30 сәуір күндері Қарағанды ​​облысында найзағай болады, 30 сәуірде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстік, солтүстік-шығыс аумағында жел секундына 15-20 метр жылдамдықта соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.