$ 448.15  483.46  4.86

Алматыдағы жанармай бекетінде үш жұмысшы уланып қалды

Зардап шеккендер Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізіліпті.

Алматыдағы жанармай бекетінде үщ жұмысшы уланып қалған. Оқыс оқиқаға жұмысшылардың есептегіштің көрсеткіштерін алу үшін құдыққа түсуі себеп болған.

Зардап шеккендер Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлердің айтуынша, қазір үш қызметкер де есін жиған. Десе де, әлі жансақтау бөлімінен шығарылмапты.

«Дәргерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Реанимация бөліміне ес-түссіз күйдегі үш адам жеткізілді. Олар жанармай бекетінде метанмен уланған. Қазіргі уақытта үш науқас та есін жиды», деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#газ #Алматы