$ 494.87  520.65  4.91

«Билік Қазақстандағы қазақтың санымен ойнап жүр» - Мұхтар Тайжан

Қазір елдегі қазақтың үлесі 80 пайыз екені былай-ақ көзге көрініп тұр ғой...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бұл билік Қазақстандағы қазақтың санымен ойнап жүр, дейді желіде Мұхтар Тайжан.  

Соңғы статистикалық деректер жарияланып, онда ұлты қазақтардың үлесін қайтадан 69% етіп көрсетіп қойыпты.  2009 жылғы санақта қазақтың үлесі 69% болған еді, сосын қателесіп қалыппыз деп алдымен 65%-ға дейін, кейін тіпті 63%-ға дейін төмендетіп қойған еді. Енді міне, қазақтың үлесін 69%-ға қайта жеткізіп қойыпты. Марқұм Мақаш Тәтімовтың дерегі мен болжамына сәйкес, 2009-шы жылы қазақтар расымен де 69% болған, ал 2020 жылы 80% болуы тиіс еді. Қазір елдегі қазақтың үлесі 80 пайыз екені былай-ақ көзге көрініп тұр ғой. Айтпағым, мен бұл демографиялық деректерге сенбеймін, қазақ қайтадан 69% болып қалды дегендері өтірік, деп жазады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары