$ 494.87  520.65  4.91

«Мен сені қалаймын»: қызын әлдебіреудің зорламақ болып жүргенін айтқан ана көпшіліктен көмек сұрайды

"Екі жылдан бері қызымды жатпасаң, жағдайың қиын болады деп қорқытып келе жатыр", - дейді ана.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Павлодар облысының тұрғыны 15 жасар мүгедек қызының әлдебіреудің зорламақ болып жүргенін, полицияға арыз түсіргенімен ешқандай шара қолданылмай отырғаны туралы жеткізді.

Ол "Не молчи кз" қоғамдық қорынан көмек сұрап отыр.

Бұл туралы "Не молчи кз" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Тансәрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz.

"Сізге соңғы үмітпен жазып тұрмын. Мен 52 жастамын, 15 жасар қызды тәрбиелеп отырмын, ол бала кезінен мүгедек.

23 наурызда полицияға біздің ауылдың тұрғыны екі жылдан бері қызымды жатпасаң, жағдайың қиын болады деп қорқытып келе жатқаны жайлы арызданғанбыз. Қазір біз қорғансызбыз. Арыз жазғанымызға бір ай өтті, ешқандай іс қозғалған жоқ. Айдың соңы, басқа істерді жабудамыз деген сылтаумен қозғалмай отыр. Сәуір айының басынан бастап олар біздің ісімізбен айналысуға уәде берді, бірақ әлі де нәтиже жоқ.

Енді дұрыстап түсіндіре кетейін.

Екі жыл бұрын, ол кезде қызым 6-шы сынып оқып жүрген кезде мектептен кейін ойын алаңынан өтіп бара жатқан кезде ішімдік ішіп отырған ер адамдарды көріп қалған. Қызымның қасындағы қызды солардың бірі шақырып: "Мына қызбен болғым келеді (хочу трахнуть её)", - деп қызымды көрсеткен. Одан кейін ол жігіт қызымды әлеуметтік желіде тауып алып, жазуын доғарар емес. Оны бұғаттап тастаған еді, бірақ басқа аккаунттармен жазуын жалғастыруда. Жазғанын қояр деген оймен, қызым оған ақша ұсынған болатын. Ақшаны алып, кейін қайтадан пайда болды. Үйдің қасында жүретін болды, қызым мектепке барудан қорқатын болды.

Бұл жайлы білгенімде, полицияға арыз жаздым. Қызымды қорқытқаны, жазғаны бәрі қолымызда. Полиция бұл ҚР ҚК 115-бабы екенін және оған 200 АЕК дейін айыппұл, екі айға дейін қамауға алу немесе түзеу жұмыстары болатынын ғана айтты. Ол сонда айыппұлын төлеп, жас қыздарды әріқарай да зорлап жүре бере ме? Мен қазір қызым үшін қатты қорқамын.

Бізге назар аударуды және мәселе шешілуді бастау үшін қандай жазатайым оқиғаны күту керек?! Қоғамдық қордан көмек сұраймын, біз не істеуіміз керек?", - деп жазған хатында.

Дегенмен, аталған факт бойынша Павлодар облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Күдікті ер адам анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізілуде.

Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары бақылауда",- деп мәлімдеді департаментегілер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары