$ 444.22  476.38  4.82

Жартылай финалда «Қайрат» «Барселонаға» қарсы ойнайды

Турнирдің жартылай финалы 1 мамырда, ал финал 3 мамырда өтеді.
фото: kazfootball.kz
фото: kazfootball.kz

Алматылық «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық «Бенфикадан» басым түсті. Кездесу 28 сәуірде Задар қаласында (Хорватия) өтіп, 6:2 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды деп жазды azattyq-ruhy.kz.

16-минутта Гадейя есеп ашты. Бірақ португалиялық клуб бірден есепті теңестірді. 31-минутта Эдсон алматылық ұжымды есепте қайта алға шығарды.

Сондай-ақ «Қайрат» командасы екінші голдан кейін қақпашысын ауыстыруға мәжбүр болды. Сары қағаздың көптігіне байланысты Игита алаңнан қуылды. Оның орнын 19 жастағы Нарун Серіков иеленді. 35-ші минутта қарсыластар таразы басын теңестірді. Нәтижесінде матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Командаларға қосымша екі экстра-тайм өткізуге тура келді.

Бірінші экстра-тайм соңында «Қайрат» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов гол салды. Екінші экстра-таймда Гадейя дубль жасады. Көп ұзамай Фернандиньо командасының бесінші голын соқты. Ал соңғы секундтарда Біржан Оразов кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, «Қайрат» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі. Кака шәкірттері келесі кезеңде «Барселона» командасына қарсы ойнайды. Турнирдің жартылай финалы 1 мамырда, ал финал 3 мамыр күні өтеді.

Еске сала кетейік, «Барселона» алматылық «Қайраттан» 2013, 2019 жылдары жартылай финалда, 2015 жылы финалда жеңілген еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары