$ 448.15  483.46  4.86

Тәжікстан мен Қырғызстан атысты толықтай тоқтату туралы келісімге келді

Қырғыз-тәжік жерінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу туралы принциптік келісім жасалды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов баспасөз конференциясын өткізіп, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев келіссөздер қорытындысы бойынша 4 пункттен тұратын хаттама қабылданғанын айтты

«Бұл хаттама екі елдің мүддесіне сәйкес келеді. Біздің халықтар қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Екі елде де трагедия болды. Бізге жұмысты жүргізу қиынға соқты, бірақ соған қарамастан біздің мемлекет басшыларының нұсқауымен біз атысты толығымен тоқтатып, барлық әскери құрамдарды өздерінің тұрақты орналастыру орындарына алып кетуге шешім қабылдадық. Бұдан былай құрметті көршілеріміздің күш-жігері мен біздің күш-жігеріміз арқылы елдерімізге, әсіресе шекара маңындағы аймақтарға бейбітшілік пен тыныштық келеді», - дейді Ташиев.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов келіссөздер барысында мемлекет басшыларының бастамасымен нәтижелі әңгіме болғанын айтты.

«Шекаралас аудандарда болған қайғылы жағдай ешқашан қайталанбауы керек. Бұл аумақта біздің халықтар өмір сүретіндіктен, олар достық қарым-қатынаста және олардың арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. Біз, саясаткерлер, барлық мәселелерді шешіп, халқымызға дәстүрлі бейбітшілік пен достықта өмір сүруге мүмкіндік беруіміз керек. Қырғыз-тәжік жерінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу туралы принциптік келісім жасалды. Біз мұны істей алатынымызға және оны тезірек шешетінімізге сенімдімін және біздің халықтарымыз әрқашан достық пен өзара түсіністік қарым-қатынаста өмір сүреді», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары