$ 443.85  474.3  4.8

Өскеменде 14 жасар бала жоғалып кетті

Бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар.
Фото: ПД
Фото: ПД

Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше, 30 сәуірде сағат 18.00-де 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен кетіп қалды. Осы уақытқа дейін бала үйге оралмады", - деді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді адамдар соңғы рет Красин ауылында көргенін айтты. Рустам Слембаевтың белгілері: бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар.

Сұр желбегей, бейсбол қалпақшасы мен қара сұр түсті спорттық костюм киген. Ақ-көк түсті велосипедпен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары