Бангладештің орталық бөлігіндегі өзенде қайық пен баржа соқтығысып, салдарынан 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Шибчар қаласының маңындағы Падма өзенінде болған.
«Біз бес адамды құтқарып, 25 адамның денесін таптық», - деді Жергілікті полиция бастығы Мираз Хоссейн.
Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 26-ға жеткен. Полицияның тағы бір өкілі өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатқандығын, өйткені бірнеше адамның хабар-ошарсыз кеткенін айтты.