$ 494.87  520.65  4.91

Қазылордада 22 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қызылордада жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы облыс орталығында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Nomad Palace» кешені тұсында 3 мамыр күні кешке болды. «Лада-21705» маркалы автокөлігімен келе жатқан 22 жастағы жүргізуші жүргіншілер өткелінде жаяу жолаушыны қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы заң талабына сай рәсімделді. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары