Қазақстанда 4 сәуірдегі ақпарат бойынша, 45 012 адам коронавирус инфекциясынан (44 601 КВИ+ және 411 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 15 517 пациент стационарда, 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
770 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 130 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.