$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер 5 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей аймақтарда шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан екіпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жекелеген аумақта шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с артуы мүмкін.

Ақмола облысының батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жекелеген аумақта шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы