$ 494.87  520.65  4.91

Удай мас науқас дәрігердің саусағын сындырып, қашып кеткен

Қолтығынан жараланған науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізіпті.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Қостанайлық дәрігер  араққа сылқия тойған  аудан тұрғынынан жапа шекті. Аруханаға жарақатпен түскен жас жігіт жәрдем көрсетпек болған маманға қарсылық білдіріп, оның бас бармағын сындырған, деп хабарлайды Stan.kz  "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қолтығынан жараланған науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізген. Ішімдікке удай мас науқас жол бойы медицина мамандарына сес көрсетіпті.

Кейін кезекші бөліміндегі қызметкерлерге бас салып, үрейін алған. Тіпті жарақатын таңып бермек болған дәрігерді жұдырықтың астына алып, бас бармағын сындырып, ауруханадан қашып кеткен. 

"Әуелі дәрігердің шашынан жұлып, ұрғысы келді. Бірақ күзетшілер оны күшпен ұстап, жарақатын таңып берді. Әйтсе де әлгі ашуға булыққан науқас дәрігердің арқасынан теуіп,  жұдырық  ала жүгірді", - деді Қостанай қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Эрик Қоянбаев.

Дәрігерге  қол көтерген күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция  қылмыстық кодекстің 107 бабы - "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары