$ 498.34  519.72  4.85

Дауыл соғып, бұршақ жауады: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, желдің күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасады.

«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, солтүстіктің, орталықтың кей жерлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, желдің күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай болады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысында түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады.

Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Қостанай облысында тұман түседі, Алматы, Түркістан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 5-20 м/с жетуі мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары