$ 494.87  520.65  4.91

Қазан қаласындағы мектепте атыс болды (ВИДЕО)

РИА тілшілері атыстан кейін мектепте жарылыс болғанын хабарлады.

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған екі адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан мектептің сегіз оқушысы мен бір мұғалім қаза тапқан.

Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

17 жастағы қылмыскерлердің біреуі терезеден секіріп кеткен, ал оның серіктесін күш құрылымдары мектептің екінші қабатында бұғаттаған.  

РИА тілшілері атыстан кейін мектепте жарылыс болғанын хабарлады. Сондай-ақ, қаза тапқандардың саны 11-ге жетіп, зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда мектеп айналасын Росгвардия жауынгерлері қоршап тұр. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келген. Мектеп оқушыларының жартысы далада, іште қалған адамдар болуы әбден мүмкін. Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов пен бас прокурор Илдус Нафиков аттанды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары