$ 494.87  520.65  4.91

«Тірі жан қалмауы керек»: мектепке оқ жаудырған жігіт қылмыс жасайтынын алдын ала ескерткен (ФОТО)

Болжам бойынша, атыс алдында Галявиев бірнеше мәлімдеме жариялаған.

Қазан мектебінде атысты ұйымдастырған 19 жастағы Ильназ Галявиев жаппай кісі қыратынын алдын ала ескерткен болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол мұндай мәлімдемесін Mash Telegram арнасында жариялапты.

Болжам бойынша, атыс алдында Галявиев бірнеше мәлімдеме жариялаған.

"Құдай секілді менің құлдарым екендеріңді мойындағандарыңды қалаймын. Барлығын, мен не қалаймын, соның бәрін істеулерің керек. Әрқайсың 10-нан аса адамды жер жастандырып, өзіңнің де құрығаның жөн. Әлемде тірі жан қалмауы керек, бұл ғаламшардың қателігі", делінген бір жазбасында.

Тағы бір жазбасы:

"Бүгін көп биоқоқысты өлтіріп, өз-өзіме қол саламын".

11 мамырда Қазан қаласында білім беру мекемесіндегі атыс кезінде 11 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #оқушы