$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда көгалды жасылға бояп жатқандар желіні шулатты (ВИДЕО)

Түркістан қаласының әкімдігі көгалды жасыл түске бояуға ұқсас процесті көрсететін кадрларға түсініктеме берді.

Интернетте Түркістандағы «шөпті бояп» жатқандардың видеосы талқыланып жатыр. Кадрлардан ер адамның көгалға бояуға ұқсайтын жасыл түсті сұйықтықты сеуіп жүргені байқалады деп жазады kznews.kz.

Түркістан әкімдігі өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Олар видеоға көгалға күтім жасау процесі түсірілгенін, сонымен қатар ерітінді құрамы неге жасыл екенін айтты.

«Минерал тыңайтқыштарды көгалға себу. Бұл – күтімнің бір түрі. Көгал жағдайына байланысты минерал тыңайтқыштар құрамы таңдалады. Тыңайтқыш сұйық түрінде қолданылады. Көбінесе азот жетіспеген кезде көгал сары реңкке өзгереді. Жапырақты байыту – өсімдіктерді қалпына келтірудің ең жылдам және тиімді әдісі. Минерал тыңайтқыш ерітіндісі жасыл түсті болуының себебі сұйық тыңайтқыш қолданылған учаскелерді белгілеу үшін қажет», – деп түсіндірді әкімдік өкілі.

Алайда мердігер тыңайтқыш себу технологиясын бұзған. Өйткені процесс сұйықтықты бүрку арқылы жасалуы керек, деп қосты ол.

Департамент өкілі бояу 10-15 күн ішінде ыдырайтынын және ол жануарлар, өсімдіктер сен жәндіктер үшін зиянсыз екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары