13.05.2021, 02:47

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: stan.kz
Республика бойынша кей жерлерде жел екпіні күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

"Қазгидромет" синоптиктері 13-15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңде бірнеше облыста аяз күтіледі, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

13 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында нөсерлі жаңбыр болады.

14 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, бүкіл елде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аталған өңірлерде жаңбыр жауады.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта 1 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша кей жерлерде жел екпіні күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.