$ 446.49  475.38  4.79

«Томирис» фильмінің каскадерлері марапатқа ие болды

Бұл туралы каскадер және трюктерді қоюшы Жайдарбек Күнғожинов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Отандық кино саласындағы каскадерлар жұмысы жоғары марапатқа ие болды. Бұл туралы каскадер және трюктерді қоюшы Жайдарбек Күнғожинов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше кешкісін Ресейдің каскадерлар гильдиясы бізге 2019-2020 жылдардағы ең жақсы трюктер үшін Alter Ego сыйлығын табыс етті!

Каскадерлар гильдиясының президенті Александр Иншаковқа, вице-президент Варвара Никитинаға және Ресейдің барлық каскадерлеріне «Томирис» фильміндегі біздің каскадерлік жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамын!

Өкінішке қарай, мен өзім Мәскеуге ұша алмадым. Марапатты менің орныма досым Владимир Орлов алды! – деп жазды Жайдарбек Күнғожинов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары