14.05.2021, 11:40

«Имам санымнан ұстап, массаж жасады»: Алматыда дін қызметкері көмек сұрап келген әйелді төсекке тартқан (ВИДЕО)

Оған қоса, келіншектің сөзінше, мешіт имамы оған жеңгесі ретінде қарап жүріп, кейіннен ашық түрде тиісетін болған.

Алматы облысының тұрғыны Гүлнар Жетесбаева өткен жылы отбасының басынан өткен сұмдық жағдайды баяндап берді. Карантин уақытында табыссыз қалған жанұя жергілікті мешіт имамынан барып көмек сұрап, кейіннен бұл үшін қатты өкінген. Бастапқыда жағдайы төмен отбасыға көмек қолын созған имам артынан отағасын істі еткен. Келіншектің айтуынша, өзіне жеңге деп сөйлеген діни қызметкер тіпті оған көңілін ашық білдіретін болған.

Гүлнар Жетесбаева мешіт имамының арбауына түсіп, «Кел, татуласайық» бағдарламасына әділдік іздеп барған. Ол басынан өткен жағдайды ақтарып, діни қызметкердің пасық әрекеттерін жайып салды.

«Өткен жылы карантин басталғанда жолдасыма жалақы түспей қалып, бізде ақша да, азық-түлік те болмады. Отағасының жұмысы тоқтап қалғандықтан, үйде бала-шағамның қарны аш болды. Сол кезде, Қаскелендегі «Ақ мешіттің» имамына барып көмек сұрап қайттым. Кірсем, имам екі аяғын айқастырып көкке көтеріп жатыр екен. Өзі планшет шұқылап отырды. Менің өтінішімді тыңдап, кешке азық-түлік апарып беретінін айтты.

Бірнеше күн бойы ізінен барып жүрдім. Ақыр-cоңы үйге азық-түлік әкеп берді. Бұл кісі обалы не, маған азық-түлікпен көмектесті. Мен жолдасымның жұмыстан шығып қалғанын айттым. Сол кезде ол оны «мешіт ішін ақтап, сваркасын жасап берсін» деді. Алайда, қиналған сәтімізде барып көмек сұраған адамымыз тыныш өміріміздің астан-кестенін шығарды. Бәріне үй алып беремін деп ақша жинап алып, артынан бәрін менің күйеуіме аударды. Жолдасымды кінәлі етіп отыр. Өзі сүттен ақ, судан таза болып отыр», – деа жанайқайын жеткізді ол.

Ерлі-зайыптылар мешіт имамынан барып көмек сұрағандары мен оған қатты сеніп қалғандары үшін қатты өкініп қалған. Олардың сөзінше, дәни қызметкер оларды алдап, ел алдында масқаралаған.

«Ол құран ұстаған адам болған соң сендік қой. Бізге жалдамалы пәтерде қаңғып жүргенше, үйлі болуға шақырды. Бір күні үйімізге ас ішуге келгенде имам «170 мың теңге тауып берсеңдер, мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін» деді. Жолдасым жан-жақтан ақша сұрап, менің құжаттарымды тапсырды. Бірақ, артынан ол өзі имам болғандықтан бұл істі мойнына ала алмайтынын айтып, менің жолдасымды оң қолы жасады. Кейіннен күйеуім осының бәріне кінәлі секілді болып қалды. Біз оған сендік, ол бізді алдап кетті», – деді Жетесбаева.

Оған қоса, келіншектің сөзінше, мешіт имамы оған жеңгесі ретінде қарап жүріп, кейіннен ашық түрде тиісетін болған.

«Мен саған үйіңді алып беремін, жағдайыңды жасаймын, тоныңды алып беремін. Күйеуіңді қайтесің, таста оны» деп айтты маған. Бұны жолдасыма айтуға қорықтым. Оның мінезі жаман. Имам менімен қалжыңдасып жүр деп ойладым. Бірақ, бір күні артымнан келіп массаж жасағаны бар емес пе?! Оны жолдасым да жасамайды маған. Күйеуіме онымен араласуды қояйық деп қанша айтсам да, ол оған қатты сенді. Соңында ол бізді алдап кетті», – деді келіншек.

kznews