Келешекте Ұлттық қордың қаржысын пайдалануды ең төменгі шекке дейін қысқарту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдаған кезде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет осы жылы да Ұлттық қордан 4,6 триллион теңге сұрады. Бұл – өте мол қаржы. Аталған қаражат дағдарыстан кейінгі дамуға бағытталып, тиімді жұмсалуы керек. Сонымен қатар экономика қайта қалпына келгеннен кейін республикалық бюджет трансфертке арқа сүйемеуі қажет. Бұл – Үкіметке жүктелген міндет. Келешекте Ұлттық қордың қаржысын пайдалануды ең төменгі шекке дейін қысқарту керек, – деді Мемлекет басшысы.