Қарағанды облысындағы колониясында «Камаз» көлігі арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 мамырда колония аумағына келген 49 жастағы ер адамның басқаруындағы «Камаз» маркалы автокөлігін тексеру барысында қоқыс багының контейнерінің астынан тыйым салынған заттар, атап айтқанда «TEXEL» маркалы ұялы телефон, өсімдік тектес жасыл түсті зат, 20 дана ақ түсті таблетка, ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат табылды және тәркіленді.
Аталған факті бойынша Абай аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері облыс колониясында тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің 15 рет жолын кесті»,-деп хабарлады АК-159/18 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Нұралы Дүйсенбеков.