$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жас келіншек қайын ағасын пышақтап тастады

Ақмолада қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында пышақ жарақаты келтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түскен. 46 жастағы ер адам Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына “тоқ ішектің пышақ жарақаты” диагнозымен жеткізілген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, “ақыл-ой кемістігі” диагнозымен есепте тұрғанын анықтады. Мән-жайды анықтау барысында зардап шеккен адамға інісінің 24 жастағы әйелі дене жарақатын салғаны анықталды. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты. Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары