Жаңалықтар 15.05.2021 сағат 20:34

Израиль Газадағы Associated Press пен Al Jazeera кеңселерінің ғимаратын бомбалады

Израиль қорғаныс әскерінің (ЦАХАЛ) ғимаратты эвакуациялауға бір сағат берген.
Израиль Газадағы Associated Press пен Al Jazeera кеңселерінің ғимаратын бомбалады
Фото: inform. kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Израильдің әскери әуе күштері Газадағы америкалық Associated Press ақпараттық агенттігі мен Катардың Al Jazeera телеарнасының кеңселері орналасқан биік ғимаратқа әуе соққысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Одан бөлек, «Анадолы» агенттігінің дерегінше, ғимаратта медициналық пункттер, адвокаттық кеңселер мен көптеген пәтерлер болған.

13 қабатты ғимаратта Палестина анклавының бірқатар аудандарын интернетпен қамтитын мұнаралар орнатылған.

Газадағы Al Jazeera тілшісі Ваил Аль-Дахдух әуе соққысы алдында Израиль қорғаныс әскерінің (ЦАХАЛ) ғимаратты эвакуациялауға бір сағат бергенін атап өтті.

10 мамырда Газа секторындағы палестиналық қарсылық топтары Израиль полициясынан Шығыс Иерусалимдегі басып алынған әл-Ақса мешітінің аумағы мен Шейх Джаррах кварталынан жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін кетуді талап етті.

Израиль полициясы бұл шартты орындаудан бас тартқан соң, палестиндік топтар Израильге қарай зымырандар ұшырды. Осыдан кейін Израиль армиясы Газа секторына қарсы «Қабырғаларды қорғаушы» деп аталатын әскери операцияның басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар