Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды. Қаза тапқандар арасында екі бала бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты бүгін, 15 мамырда, күндізгі сағат бірлер шамасында Өскемен-Алтай тас жолында болған.
37 жастағы VOLVO жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көліктің шұңқырға аударылып кетуіне жол берген делінген полиция хабарламасында.
Аударылу салдарынан жүк көлігі өртеніп кеткен. "Көлік жүргізушісі мен үш жолаушының күйген денелері табылды, олардың екеуі кәмелетке толмағандар, олар оқиға орнында ауыр жарақаттан қайтыс болды", - деп хабарлады департаментте.
Аталған факт бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы, салғырттық салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" бабы бойынша тергеу басталды.