$ 498.34  519.72  4.85

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Жексенбіде Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының аумағында қатты ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

16 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болатындықтан, күн райы ашық. Тек еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-батысында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнайды.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Күндіз Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында ықтимал өрт қаупі өте жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы